Исламофобия тамыр жайған елдердің бірінде исламофобиямен күресетін мемлекеттік қызмет құрылды
Исламофобия тамыр жайған елдердің бірінде исламофобиямен күресетін мемлекеттік қызмет құрылды
3 жыл бұрын 2245 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Канада билігі соңғы жылдары асқынан дертке айналған исламофобиямен жүйелі күресетін немесе осынау жат құбылыстың алдын алумен айналысатын – исламофобиямен күрес жөніндегі арнайы өкілдік қызметін енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы Global News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жауапты әрі лауазымды қызметке лайықты үміткерді іздеу, іріктеу жұмыстары жүріп жатыр қазіргі уақытта. Осы орайда 2021 жылдың маусым айының 6-ы күні аталған ел аумағында орын алған терактіден мұсылман отбасы қаза тапқанын айта кетпекпіз. Дәлірегі, Онтарио провинциясына қарасты канадалық Лондон қаласында балаларымен бірге өз жөнімен кетіп бара жатқан мұсылман отбасын 20 жастағы ұлтшыл шағын автобуспен қасақана қағып өткен болатын. Осы қаскүнем әрекеттің салдарынан 4 адам қайтыс болған. Жалғыз аман қалған 9 жастағы ұл жетім қалды. Жаңа лауазым Мүслім Ахмет Хұсейн басқаратын елдің Тұрғын үй, әртүрлілік және инклюзия министрлігі жанынан құрылды. Арнайы өкілді исламофобияға қатысты жағдайды үнемі қадағалап, оны жоюға жұмыс істейтін мемлекеттік кеңесші ретінде қарау керек. Жыл сайын исламофобиядан әлемнің әр түкпірінде жапа шегіп, зәбір көретіндер қарасы артып келеді.

0 пікір
Мұрағат