Ислами туризмнің күні туып келеді
Ислами туризмнің күні туып келеді
7 жыл бұрын 2692 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Cарапшылардың пікіріне қарағанда, көп ұзамай ислами туризм өркендейді. Ислами туризм саласының табысы 300 млрд долларға дейін артады. Мұсылман емес Батыс елдерінде және Оңтүстік шығыс Азия елдерінде қонақ үйлер мен әуе жайлардың, мейрамханалар мен басқа да қызмет көрсету салаларында шариғат талаптары ескеріле бастауы сарапшылардың болжамын растағандай. Mastercard-пен бірге аталған мәселеде зерттеу жүргізіп көрген Halal Trip агенттігінің директоры Фазал Баһардиннің айтуынша, соңғы жылдары 20-36 жас аралығындағы турист мұсылмандар қарасы артқан. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, жас мұсылмандар арасында саяхаттауды салтқа айналдырғандар қатары артып келеді. Әсіресе, Индонезиядан, Мысырдан және Қазақстаннан турист мұсылмандардың қарасы көп. Айта кетейік, бүгінгі таңда туризм сол елдің экономикалық өсуінің көрсеткішіне айналып отыр десе де болады. Яғни, шетелге саяхаттайтын азаматтары көп елдің экономикасы тұрақты дамып келеді деп батыл айтуға болады. 

0 пікір
Мұрағат