Ислами даму банкі Қырғызстан үшін жаңа стратегияны жүзеге асырады
Ислами даму банкі Қырғызстан үшін жаңа стратегияны жүзеге асырады
2 жыл бұрын 1932 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ислам Даму Банкі (ISDB) Қырғызстан үшін 2023-2025 жылдарға арналған әріптестік стратегиясын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қазақстанда орын тепкен аталмыш ұйымның аймақтық хабының жетекшісі Ыбырайым Шүкірге жөн сілтеген Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ыбырайым Шүкірдің айтуынша, аталмыш стратегия таяу жылдары Қырғызстандағы IsDB-тің операцияларына бағдaр бола алады. Бұдан бөлек, ISDB 2022 жылдың соңында Қырғызстан аумағындағы Сусамыр-Талас-Тараз жол жобасының төртінші кезеңін ішінара қаржыландыруды бастап кетті. Жол-көлік инфрақұрылымының тиімділігін арттыру арқылы тауарлар қозғалысының қауіпсіздін қамтамасыз етуге бағытталған бұл жобадан бөлек 2023-2024 жылдары жүзеге асыруға болатын әлеуметтік, ауыл шаруашылық және энергетика салалары бойынша бірнеше жобаны қарастырып, зерделеп жатыр. IsDB Қырғызстанда көлік саласында 10 жобаны жүзеге асыруда, оның 8-і қазірдің өзінде жүзеге асырылды. Осы сектордағы жобаларды қаржыландырудың жалпы мөлшері 131,9 млн долларға жеткен. Қырғызстандағы IsDB жобаларының жалпы портфелі бүгінгі күні 421 миллион долларды құрады.

0 пікір
Мұрағат