Исламға қарсы сөз айтқан мэр партиядан шығарылуы мүмкін
Исламға қарсы сөз айтқан мэр партиядан шығарылуы мүмкін
10 жыл бұрын 2757

Францияның Венел қаласының мэрі Робер Шардон Twitter әлеуметтік желісінде елде 2027 жылға дейін ислам дініне тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеген. Осы мәлімдемесіне байланысты ол оппозициялық партия қатарынан шығарылуы мүмкін. Бұл жайында «RFI» ақпарат көзі хабар таратты. Ол мұсылмандарды елден қуып, шекарадан ары асырып жіберу керектігін жазған. «Мен Халық қозғалысы одағының құндылығы мен бағдарламасына қайшы осы қисынсыз мәлімдемесі үшін оны партия қатарынан шығару туралы процедураны бастауды талап еттім», - деді аталмыш партияның вице-президенті Натали Косцюшко-Моризе осы жайтқа қатысты хабар таратқан ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында. Оның бұл мәлімдемесі тек партиядағы әріптестері тарапынан ғана емес, сонымен қатар, Францияның бұрынғы президенті болған Николя Саркози секілді консерватор саясаткерлер тарапынан да қатаң сынға ұшырады.

0 пікір
Мұрағат