Исламды жағымсыз жағынан көрсеткен мақалалардың өзге діндегілер туралы материалдармен арадағы пропорциясы
Исламды жағымсыз жағынан көрсеткен мақалалардың өзге діндегілер туралы материалдармен арадағы пропорциясы
3 жыл бұрын 1408 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Эрик Блайх және Мориц ван дер Вин есімді еуропалық ғалымдар батыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген исламға, мұсылмандарға қатысты мақалаларды сараптамадан өткізе келе жаға ұстатарлық ттұжырымға келді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жоғарыда аты аталған саясаттанушы профессорлар соңғы 21 жыл ішінде, яғни, 1996-2016 жылдар аралығында АҚШ-та, Канадада, Ұлыбританияда, Австралияда мерзімді басылымдарда жарияланған 784 мың мақаланы талдаудан өткізген екен. Аталмыш зерттеуге атсалысқан ғалымдардың айтуынша, АҚШ-та кездейсоқ жолмен таңдап алынған ислам туралы мақалалардың кем дегенде 84%-ы мұсылмандарды қаралауға толы. Католиктерге, иудейлерге, үнді наным-сенімдегілерге, т.б. қарағанда ислам туралы жағымсыз жағынан жазылған немесе жариялаған мақалалар өте көп. Бұл зерттеу қорытындысында католиктер, еврейлер және индустар туралы жағымды және жағымсыз мақалалардың үлесі шамамен 50/50 құрайды, ал мұсылмандар туралы мақалалардың 80%-ы жағымсыз болып келетіні айтылған.

0 пікір
Мұрағат