«Исламды білгің келсе, кафеге бар»
|
Австралияда асыл дінімізді танып білгісі келетіндер үшін арнайы кафе жұмыс істейді. Мельбурн қаласының мұсылман әйелдері жергілікті кафеде «спид-дейтинг» – жедел жүздесу деуге келетін шара ұйымдастырған. Аталған кафеде тек меймандар бір-бірімен танысып, білісіп жатпайды, сонымен қатар, асыл дінімізге қатысты өздерін толғандырған сауалдарға жауап іздеп келеді. «Қойылатын сұрақтар ешкімнің көңіліне келмейтін қарапайым болуы мүмкін, мәселен, «шариғат шәлісін неліктен тағып жүрсің, оны шешпей ұйықтайсың ба?» немесе «Ислам мен феминизм қалай сыйысады?» - дейді ағартушылық шараны ұйымдастырғандардың бірі Хана Ассафири. Бұл жайында «ansar.ru» порталы «ABC» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Хананың кафесіне 50 шақты адам сияды. Соңғы шаралардың біріне 800-ден аса адам тіркелген. Хананың айтуынша, мұндай шаралар дінаралық татулыққа, диалогқа жолып ашып, қоғамның ұйысуына септігін тигізеді.