Ислам дінін қабылдағандар рекордтық көрсеткішке жетті
Ислам дінін қабылдағандар рекордтық көрсеткішке жетті
10 жыл бұрын 5453

Өткен жылы Дубайдың мұсылман емес мыңдаған тұрғыны асыл дінімізге өтіп, тура жолға түскен. 200 ұлттың өкілі ислам дінін қабылдап, тілін кәлимаға келтірген көрінеді. Олардың тура жолға түсіуіне «Дар әл-Бір» деп аталатын қауымдастық ұйымдастырған ислами ақпарат орталығының қызметі көп септігін тигізген.

Аталмыш орталықтың директоры Рашид әл-Жүнейбидің сөзіне қарағанда, қаңтар айында 205 адам, ақпанда 238 адам, наурыз айында 237 адам, сәуір айында 383 адам мұсылман болған. Жыл басынан орталыққа жүздеген адам келген. Мамыр айында ислам дінін қабылдағандардың қарасы 1063 адамға жеткен.

Ислам дінін қабылдағандаарға Дубай соты мен ислам істері жөніндегі департамент растаған бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі.

Соңғы жиырма жылдың ішінде Дубайдағы «Дар әл-Бір» орталығының сеп болуымен 20 мыңнан аса адам тура жолға түсіп, ислам дінін қабылдаған екен.

0 пікір
Мұрағат