Гаити аралындағы кеме қалдықтары К.Колумбтікі ме?
Гаити аралындағы кеме қалдықтары К.Колумбтікі ме?
10 жыл бұрын 6146

522 жыл бұрын Кристофор Колумбтың теңіз саяхаттарының бірінде Атлант мұхитын кешіп өткен кемелерінің ең үлкені Санта Мария кемесінің қалдықтары Гаити аралының солтүстік бөлігінен табылды. Егер де әлгі кеменің Санта Мария екендігі нақты расталса, онда бұл соңғы жылдардағы ең үлкен жаңалықтардың бірі болмақ. 

Гаити аралынан табылған қалдықтар Америка континентінің зерттеушісі, артына өшпес із қалдырған Кристофор Колумбтың Санта Мария атты кемесінің қалдықтары екендігі әлі де дәлелденуде. Бұл тартысты мәселені ортаға шығарған жандардың бірі – Американың ең беделді суасты археолог-зерттеушісі Барри Клиффорд. К. Колумбтың 1492 жылы Атлант мұхитына жасаған саяхатындағы қолданған ең үлкен Санта Мария кемесі Гаити аралының солтүстік жағалуында болғаны айтылды. Кеменің анық Санта Мария екені дәлелденсе, бұл соңғы жылдың ең басты жаңалығы болмақ.

Клиффорд қолындағы мәліметтерге сүйеніп, әлгі кеме Колумбтікі екендігін растауда. Бірақ, бұл тартыс нақты дәлелденген жоқ. Клиффорд кеменің қалдықтарын негізге ала отырып, нақты дәлелдемелер келтіруде. Санта Мария суға батқаннан кейін экипаж мүшелері жағалауға жетіп, құрғақ жерге келіп орналасқан. Кеме қалдықтары жағалаудан небәрі 5 метр қашықтықта табылған. Бұны Клиффорд өзінің деректемелерінде келтіреді. Кеменің бүйір қабырғасының қалдықтарының арасынан Испания немесе Португалия елдерінде жасалған зеңбіректің оғы табылған. Табылған оқ 15-ші ғасырда жасалғанын зерттеулер нәтижесі анықтады. Яғни, бұл Санта Марияның су бетінде жүрген жылдарына сәйкес келіп тұр. Клиффорд өзінің Брэндон атты ұлымен бірге кеме қалдықтарын тауып жерін және зеңбіректің оғының суретін 2003 жылы түсіргендігін мәлімдеді. Содан не керек әлгі оқтың суретін түсіріп алғаннан кейін, із түссіз қайтадан жоғалып кетті деген тағы бір мәліметті айтып таң қалдырды. Қолда бар мәліметтердің ертең-ақ қолды болатынын білген Клиффорд, Гаити үкіметіне зерттеу аймағын қатаң бақылауға алуын өтінді. Бұл өтінішке көңіл бөлген Гаити премьер-министрі Лаурент Ламовени өзінің орынбасары Салим Суджарға зерттеу аймағын бақылауға алып, керекті шаралардың барлығын жасауды тапсырды.

0 пікір
Мұрағат