|
ИСИМ содырлары 50 адамды атып тастады
|
Олардың ішінде әйелдер мен балалар да бар. Нақтырақ айтқанда, Шам елінің батысында орын тепкен Анбар провинциясындағы Хит елді-мекенін жайлаған Албу Нимр тайпасынан осынша адам қаныпезерлердің қолынан қаза тапқан. Қаза тапқандардың алтауы әйел адам да, төртеуі – бала. Бұл жайында Associated Press ақпарат агенттігі хабар таратты. Ал Riafan.ru басылымы таратқан хабарға қарағанда, аталмыш тайпаның мүшелері ИСИМ содырларымен ұрыс қимылдарын жүргізген. Оқ-дәрілері таусылған соң қаруларын тастауға мәжбүр болған көрінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша Иракта ИСИМ содырларының қолынан қыркүйек айының ішінде 1,1 мың адам опат болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу шығыстағы шиеленістен көл-көсір пайда көрген ел аталды
■
Араб елі ағза донорлығы туралы декларацияны оңтайландыру үшін цифрлы платформа енгізеді
■
Қазіргі дағдарыстың бұрынғы дағдарыстардан айырмашылығы немесе қаупі неде
■
Үндістанда мемлекеттік шекараны қолтырауындармен және жыландармен қорғау туралы бастама көтерілді
■
Жапония қару-жарақ сауда-саттығының ережесін өзгертеді