Иса пайғамбарды қорлады
|
Орыс православ шіркеуі Иса пайғамбар (р.а.) мен православтардың айшығы бейнеленген іш киімнің саудаға шығарылуын айыптады. Осы келеңсіздікке байланысты орыс православ қауымдастығының белсенділері осынау тауарды өндіріп, саудаға шығарғандардың үстінен Бас прокуратураға шағым түсірді. Бұл жайында «Известия» мерзімді басылымы хабар таратты. Айта кетейік, қазіргі уақытта бірнеше аса ірі ресейлік ғаламтор дүкендері (tvoy-print.ru, futbolka.neformal.us, fabrikamaek.ru) православ символдары бейнеленген ұсынатын тауарлардың арасында Иса пайғамбар бейнеленген әрі Jesus my savior («Иса – менің құтқарушым»), Jesus the king of kings («Иса – королдердің королі») деген жазуы бар тауарлар да бар. Осы сорақылыққа байланысты Орыс православ шіркеуінің өкілі, священник Роман Багдасаров аталмыш тауар өндірушілерді айыптай отырып, діни символдарды сырт киімге бейнелеуге болатынын, алайда, іш киімге бейнелеудің әдепке жатпайтынын мәлімдеді.