|
Иранның Саудияға экспорты ұлғайып келеді
|
Иран күнтізбесінің алғашқы тоғыз айында Сауд Арабиясына Иранның экспорты 15 миллион долларға жуықтады. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның 1401 жылының бас кезінен (2022 жылдың наурыз айының 21-нен бастап) қарашаның 1-не дейін Сауд Арабиясына құны 14 710 331 доллар болатын 30 791 тоннадан астам тауар экспортталды, деп хабарлады Иран Ислам Республикасы Кеден басқармасының (IRICA) бұрынғы өкілі Рухолда Ләтіп. Оның келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылдың наурыз бен қазан айлары аралығында Иранның темір және болат құймалары экспортының 96,5 пайызы Сауд Арабиясына тиесілі. Ал былтыр, яғни, 2020 жылы Шиғалар елінің Саудияға экспортының мөлшері 42 мың долларға да жетпеген еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді