Иранның әскери қуаты Саудиядан, Израилден және Пәкістаннан асып түседі
Иранның әскери қуаты Саудиядан, Израилден және Пәкістаннан асып түседі
4 жыл бұрын 7590 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та жарияланған Global Fire Power (GFP) шолу материалында келтірілген дерекке қарағанда, Иранның әскери қуаты Израилден, Саудиядан және Пәкістаннан асып түседі. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Global Fire Power (GFP) ұйымының дерегіне сілтеме асай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйым жыл сайын 138 әскери держава туралы талдау материалдарын жариялап отырады. GFP рейтингісі әр елдің құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі әскери әлеуетін салмақтап, сараптап отырады. GFP ұйымы соңғы жарияланған материалында Иранды Азия аймағында әскери қуаты бойынша жетінші орынғы қойыпты. Ресей, Қытай, Үндістан секілді алып державалар алғашқы үштікті құраған аталмыш рейтингте. Рейтингті түзушілердің мәліметінше, аталған елдер аймақтағы аса ірі қару-жарақ өндіретін әрі сатып алатын державалар, олардың әскери қуаты осындай факторлармен айқындалады. Мәселен, GFP мағлұматы бойынша Саудияның 2020 жылғы әскери бюджеті 56 млрд долларды құраса, Үндістанның қорғаныс бюджеті шамамен 67 млрд долларға жеткен. Израил армиясының штаб бастығы ел үкіметі бекіткен қорғаныс бюджеті 29 млрд долларды құрайтынын, сонымен қатар, АҚШ-тан әскери көмек ретінде 38 млрд доллар алғанын таяуда мәлім етіп, жалпы есеп бойынша 67 млрд долларға жеткенін жария етті. Ал Иранның қорғаныс шығыны биыл 14 млрд доллардан аспаған. Яғни, жоғарыда аталған елдердің әскери бюджетінің үштен біріне де жетпейді. Иран билігі 2025 жылға қарай батыс Азия аймағында әскери дераваға айналуды алдына мақсат етіп қойды. 2020 жылғы көрсеткіш бойынша парсылар елі 138 елдің ішінде әскери қуаты жағынан 14-ші орыннан көрінген. Десе де бұл рейтингте Иранның Ислами сақшы корпусының әскери қуаты енбегенін ескере кеткен жөн. GFP ұйымы әлем елдерінің әскери қуатын тек қорғаныс саласына бөлген ресурсымен өлшеп қоймай, сонымен қатар, табиғи ресурстардың әр алуандығы, әскери персоналдардың саны, географиялық орналасқан орны, логистикалық мүмкіндігі, т.б. секілді түрлі факторларды ескере отырып, бағалайды. Түпкілікті рейтингте, сондай-ақ, адам ресурсы, қаржы, логистика, табиғи байлығы, география, әскери әуе күштері, әскери-теңіз күштері, жаяу әскері, яғни, 8 фактор бойынша сұрыпталады. Иранның Азия аймағында әскери қуаты жағынан 1-ші орыннан көрінуіне дрон, фрегат, танк, тікұшақ, әскери техникалар, қанатты және баллистикалық зымыран, т.б. секілді осы заманғы әскери құрал-жабдықты өздерінің құрастыруы да түрткі болғанын айта кету керек. Әрбірден соң шиғалар елі суперкавитті торпеда жасайтын әлемдегі екі елдің бірі (екіншісі Ресей), ал суасты кемесін құрастыратын әлемдегі бес елдің бірі екенін естен шығармау керек. Күні кеше ғана Иранның қорғаныс министрі, генерал Әмір Хатами қарулы күштер қажеттілігінің 90%-ы ел ішінде өтелетінін мәлімдеді. Иран ғарыш саласында да елеулі жетістіктерге жеткен ел.

0 пікір
Мұрағат