Ирандық нанотехнологиялы кілем мен нано-сүлгінің ерекшелігі неде
|
Өткен 2018 жылы нанотехнологиялы кілем тоқитын ирандық фирма әлемнің 25 еліне өз өнімін экспорттаған. Шиғалар елінің нанотехнология жөніндегі инновациялық кеңесінің (INIC) келтірген дерегіне қарағанда, "Farrahi Carpet" компаниясының бөлімшесі "Farrokh Sepehr Kashan Co." әлемнің 25 еліне өткен жылы нанотехнологиялы кілемдерін 1,5 млн долларға өткізген. Бұл жайында Mehr News ақпарат көзі хабар таратты. Ирандық нанотехнологиялы кілемнің артықшылығы неде? Бактерияға қарсы ерекшелігінде. Бұл ерекшелік өз кезегінде ирандық кілемнің бағасына үстеме ақы қоспайды, яғни, қымбаттатпайды. Бұдан бөлек, ирандық "Banian Azar Novin Ideal Co." компаниясы Грузия, Ирак және Әзірбайжан секілді көрші елдерге өткен жылы 201 тоннаға дейін нанотехнологиялы сүлгіні 600 мың долларға сатқан. Аталмыш сүлгі Иранның емханаларында кеңінен қолданылады. Бактерияға қарсы бұл сүлгі көп жууды қажет епейді. Ирандық Fars News (Парсы жаңалықтары! таратқан ақпаратқа қарағанда, "Banian Azar Novin Ideal Co." нанотехнологияны қолданып тоқыма тоқудан көш басынан көрінген компания саналады. INIC-тің нанотехнология жөніндегі бастамашыл кеңестің жетекшісі Саид Саркар ирандық ғалымдардың атсалысуымен нанотехнология қолданған шамамен 250 өнім ішкі нарықта 2020 жылы пайда болмақ. Иранның нанотехнология тәжірибесі өнеркәсіптің 15 саласында қолданылады. Оның айтуынша, ирандық нанотехнологиялы өнімдер әлемнің 45 еліне экспортталады. Солардың ішінде Оңтүстік Корея, Австралия, Қытай, Индонезия, Түркия, Ресей, Малайзия, Канада, секілді дамыған мемлекеттермен қатар, Еуропа елдеріне де, Латын америкасына жөнелтіледі. Өткен жылы нанотехнология қолданған ирандық өнімдер аталған ел қазынасын 62 млн долларға толықтырды.