Иранды күш қолданбай титықтату стратегиясы қолданылуда
Иранды күш қолданбай титықтату стратегиясы қолданылуда
1 сағат бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сарапшылардың пікірінше, Израил Иранға қарсы «әскери көлеңке» деп аталатын стратегияны пайдалануда. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның жоғары басшылығына жақын жүретін «Кейхан» атты консервативті басылым қауіпсіздік саласында қалыптасқан Изриал саясатына қатысты өзінің түсіндірмесін жариялаған екен. Аталмыш мерзімді басылымның нұсқасы бойынша Израил жаппай шабуылға шықпай-ақ ұзақ уақыт бойы қысым көрсетуге негізделген «әскери көлеңке» стартегиясын қолдануға көшкен. Теһран Иранға берілетін ықтимал соққы туралы ұдайы жасалатын мәлімдемелер психологиялық тұрғыдан әсер етудің бір тармағы деп санайды. Ирандық басылымдардың «12 күндік соғыс» аяқталғаннан кейін сегіз ай ішінде батыс және Израил бұқаралық ақпарат құралдары Америка құрама штаттары немесе Израил тарапынан жасалатын шабуылдар туралы 50 реттен астам ақпарат таратқаны айтылған. Аталған дереккөздер қатарында Reuters ресурсы, The New York Times мерзімді басылымы, The Wall Street Journal секілді беделді әрі халықаралық агенттіктер, сондай-ақ, журналист Барак Равидтің Axios басылымдары бар. Иранға ықтимал шабуыл туралы мақала авторлары қауіп-қатердің сейілмеуі мен белгісіздік Иран халқының писхикасына кері әсер етіп қоймай, сонымен қатар, валюта нарығы мен баға динамикасына теріс ықпалын тигізеді. Қоғамда белгілі бр деңгейде шиеленіс қалыптастырады. Ирандық басылымның жазуынша, Израил ашық соғыстан қашады. Өйткені, тікелей шабуыл жасаса, бұл қадамы ирандықтардың басын біріктіріп, үлкен күшке айналдырады. Түптеп келгенде Израилдің өзіне қауіпті ахуал қалыптастырады. Жаппай шабуылдың орнына Израил гибридті соғыс элементтерін пайдалана отырып, соның ішінде әскери, экономикалық, барлау, ақпараттық тұрғыдан көп қырлы, сан қабатты қысым көрсетуді қолай көріп отыр. Бұл стартегия Иранның сыртқы келісімдеріне де, сауда-саттығына да, ұзақ мерзімге арналға жоспарына да теріс әсер етіп, белгілі бір деңгейде Иранның белсенділігін басады.  

Ұқсас материалдар:

Иран факторы: АҚШ ұстамдылығы басқаша қабылдануы мүмкін

Иран мен АҚШ-қа келіссөз не үшін керек? – сарапшы жасырын мотивті атады

 

0 пікір
Мұрағат