Иранда шариғат талаптарының сақталуын қадағалайтын полиция жұмысын бастады
Иранда шариғат талаптарының сақталуын қадағалайтын полиция жұмысын бастады
1 жыл бұрын 1332 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі қоғамдық орындарда шариғат талаптарына сай киінбегендерді, дәлірегі, хижабсыз жүргендерді тәртіпке шақырып, ескерту жасайтын, тіпті, қажет болса, құқықтық шара қолданып, жауапкершілікке тартатын «өнеге немесе әдеп полициясының» жұмысын қалпына келтірді. Бұл жайында islam.kz порталы Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шариғат шәлісін тақпағандарға және ашық-шашық киінгендерге айыппұл салудан бастап, 10 күннен екі айға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады. Парсы елінің қылмыстық кодексінде құқық бұзушыларға қосымша шаралар да қарастырылған, атап айтқанда, мемлекеттік қызметтен шеттетіп, өзге өңірге жер аударады, дүние-мүлкін тәркілейді, ел аумағынан шығуға тыйым салады. Ал шариғат шәлісін тақпауды ашық насихаттағандарды он жылға дейін бас бостандығынан айырыды.

0 пікір
Мұрағат