Иранда обырмен ауыратындар саны әлемдік орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен
Иранда обырмен ауыратындар саны әлемдік орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен
5 жыл бұрын 1915 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрлігі келтірген дерекке қарағанда, 100 мың адамға шаққанда ерлер арасында қатерлі ісікке шалдыққандар қарасы 134 адамды, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш 128-ді құрайды. Яғни, онкологиялық аурулар бойынша әлемдік орташа көрсеткіштен (100 мың адамға шаққанда ерлерден 205, ал әйелдерден 165 адам) әлдеқайда төмен. «Ерлер арасында тері, асқазан, простатит, қуық безі, ұлтабар обыры, ал әйелдерде сүт безі, тері, ұлтабар, асқазан қатерлі ісігі кеңінен таралған»,- дедіхирург Аббас Ниази. Бұл жайында парсылардың IRNA ақпарат көзі хабар таратты. «Қатерлі ісіктің саламатты өмір салтын ұстану арқылы алдын алуға болады әрі ерте бастан диагнозы қойылса, оны емдеу оңай» - деген ол елдегі қатерлі ісікке шалдыққандардан өлетіндер қарасы соңғы жылдары әжептәуір азайғанын әрі  олардың 40 пайыздан астамы бес жылдан он жылға дейін өмір сүретінін жеткізді. Десе де 2018 жылы Ирандағы онкологиялық орталық 111 мың адамды қабылдаған. 

0 пікір
Мұрағат