Иранда хижаб тағу енді міндетті емес
Иранда хижаб тағу енді міндетті емес
2 ай бұрын 575 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранда бұдан былай хижабты міндетті түрде тағу туралы заң өз күшін жойды. Дәлірегі, хижаб тақпағаны үшін енді айыпппүл салынбайды немесе қандай да бір жаза қолданылмайтын болды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Avesta.tj ақпарат көзіне жөн сілтеген Axar.az агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған парсы елінің ақылдасу кеңесінің (құрамына 25 мүше кіретін Иранның ақылдасушы кеңесі елдің жоғары басшысына, яғни, аятоллаға қарайтын кеңесші орган ретінде алға шығады. Оның міндетіне Конституция сақшылары кеңесі мен Иран парламенті арасындағы талас-тартыс тудырған даулы мәселелерді шешу кіреді – ред.) мүшесі Мұхаммедразы Бақынар заңдық немесе құқықтық тұрғыдан хижаб туралы заңнама талаптарын орындау мүмкін еместігін эеткізді. Оның айтуынша, елдегі әйелдер шариғат шәлісінен бас тартқаны үшін жауапкершілікке тартылмайды. Осылай деген ол әр елдің киім киюдегі өөз әдет-ғұрпы болатынын алға тарта келе биліктің де шешімін орындау керектігін еске салып өтті.

0 пікір
Мұрағат