|
Иранда аса ірі уран кеніші игеріле бастады
|
Иран аумағындағы аса ірі уран кеніші игеріле бастады. Бұл жайында islam.kz порталы парсылардың Fars ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық игілік санатындағы кен орны елдің орталық бөлігіндегі Йезд провинциясына қарасты Баык аймағында орын тепкен. Ядролық сарапшылар аталған кеніште кем дегенде 650 тонна уран металы және 4600 тонна молибден металл қоры бар, деп есептейді. Кен орнын пайдалануға беру рәсіміне Ислам Республикасы Атом энергиясы ұйымының (AEOI) басшысы Мұхаммед Ислами қатысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды