Иран тәліптер билігінің заңдылығын мойындау шартын атады
Иран тәліптер билігінің заңдылығын мойындау шартын атады
3 жыл бұрын 1278 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иран элитасы тәліптер радикалды, әскери, саяси-діни қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.)  билігінің заңдылығын бір шартпен мойындауға әзір екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Tolo News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауғанстандағы Иран елшісі Баһадүр Әминиан қандай шартпен тәліптерді мойындайтынын жария еткен: Иран Ауғанстан үкіметінің тек бір ғана этникалық топтан жасақталмауын талап етіп отыр. Яғни, ел аумағындағы өзге де ұлт өкілдері үкімет құрамына кіруі тиіс. Егер Иранның бұл шарта орындалса, тәліптер билігінің мойындалуы үшін өзге елдерге де ықпал етуге уәде беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат