Иран наноөнімдерінің жыл сайынғы экспорты 110%-ға өсті
Иран наноөнімдерінің жыл сайынғы экспорты 110%-ға өсті
2 ай бұрын 1319 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Иранның нанотехнология инновациялық кеңесінің хатшысы Емад Ахметбанд соңғы ирандық күнтізбелік жылы (наурыз айының 19-ы аяқталған) елдің нано өнімдерінің экспорты өткен жылмен салыстырғанда 110 пайызға өскенін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. IRIB мәліметі бойынша ирандық өндірушілер аталған жылы 145 млн доллар сомасында нанотехнологиялық өнім экспорттаған. Ол 2022 жылдың наурызынан бастап 2023 жылдың наурызына дейін Иран нанотехнологиялық өнім экспортынан 69 млн доллар табыс тапқанын атап өтті. Осылай деген ол ирандық нано өнімдерінің жалпы құны өткен жылы 1,62 млрд долларға жеткенін жеткізді, оның 91 пайызы ішкі нарықта сатылып, тек тоғыз пайызы ғана экспортқа шығарылды. Сондай-ақ, ол ішкі нарықтың негізгі үлесін наножабындылардың, нанокомпозиттердің және нанокатализаторлардың құрайтынын жария етті. Қазіргі таңда Иранда өндірілген нанотехнологиялық өнімдер әлемнің 49 еліне экспортталады, оның 60 пайызы Иракқа, Сирияға, Үндістанға, Қытайға және Түркияға кетеді. Осы орайда нанотехнология терминінің мәнін аз-кем түсіндіре кетпекпіз: нанотехнология – материалды нанодеңгейінде манипуляциялайтын ғылым. Материалдың түрлі физикалық қасиетін арттыратын сала.

0 пікір
Мұрағат