Иран мен Ресей санкцияны айналып өту үшін криптовалютаны пайдаланғаны әшкере болып жатыр
Иран мен Ресей санкцияны айналып өту үшін криптовалютаны пайдаланғаны әшкере болып жатыр
10 ай бұрын 1399 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы екі авторитарлы ел – Ресей мен Иран батыс санкциясынан айналып өту үшін криптовалютаның мүмкіндіктерін пайдаланған. Бұл жайында islam.kz порталы Cryptonews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, 2024 жылы Ресей мен Иран орталықсыздандырылған қаржыны, KYC-сіз (KYC - Know Your Consident немесе Know Your Client) — қаржы институттарының транзакциялар жүргізбей тұрып қаржылық операцияны жүргізетін тұлғаны анықтауға міндеттейтін принципі) биржаларды, сондай-ақ, қаржылық операциялар үшін цифрлық активтерге жүгінгені әшкере болды. 2024 жылы халықаралық санкциялар криптовалюта операцияларының ландшафтын өзгертті, себебі, Ресей мен Иран қаржылық шектеулерді айналып өту үшін цифрлық активтерге жиі жүгінетін болған. Chainalysis-тің (Chainalysis - мемлекеттік мекемелер, криптовалюталық компаниялар және басқа да қаржы институттары үшін құралдармен және тергеуге қажетті бағдарламалық жасақтамалармен, сондай-ақ, деректерді өңдеу қызметтерімен жабдықтайтын ұйым ) таяудағы есебіне сәйкес 2024 жылы санкция салынған ұйымдар 15,8 миллиард доллар сомасында криптовалютаға ие болған, бұл көрсеткіш барлық заңсыз криптовалюталық транзакциялардың 39% -ға жуығын құрайды. Chainalysis дерегіне қарағанда, аталған екі мемлекет те өздерінің қаржылық стратегиясын цифрлы активке бейімдеуге талпынған. Бұдан бөлек, Ресей БРИКС елдерімен арадағы сауда-саттықта доллармен емес, цифрлы активпен есеп айырысуды ұсынып келеді. Ресей Федерациясы өткен жылы криптовалюта майнингін заңдастырды. 2024 жылдың тамыз айында Америка құрама штаттарының қаржы министрлігіне қарасты шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) ресейлік әскерлерге әскери техниканы жеткізетін ресейлік ұшқышсыз ұшқыштарды өндіруші «КБ Восток» ұйымына қарсы санкциялар енгізді. Аталған компания криптовалютамен жасалған қайырмалдық қаржысын тартты, бұл ретте тараптардың бірі заңсыз транзакцияларда 100 миллионнан астам доллар жұмсаған Garantex ішкі санкциялық биржасы арқылы аударымдар кезінде 40 миллион долларға ие болып үлгерген. Ал қыркүйекте Германия билігі «Final Exchange операциясы» аясында KYC-сыз 47 орыс тілді биржаның инфрақұрылымын тәркіледі. Бұл платформалар бопсалау бағдарламаларына көмектесіп, даркнеттегі (қараңғы желідегі) транзакцияларға және санкцияларды айналып өтуге септігін тигізді, Сбербанк сияқты санкция астындағы ресейлік банктерге байланысты криптовалюталарды фиатқа айналдыру қызметтерін ұсынды. Желтоқсанда Ұлыбританияның қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ұлттық агенттігі «Destabilise операциясы» аясында ақша  жымқыру жөніндегі аудиториясы бірнеше миллиардқа жететін орыс тілді желіні жойып, 84 адамды тұтқындап, 20 миллион евродан астам қолма-қол ақшаны және криптовалютаны тәркіледі. 30 елді қамтыған желінің ресейлік элитамен, ұйымдасқан қылмыстық синдикаттармен және Ryuk сияқты бопсалау бағдарламаларының топтарымен байланыста болғаны әшкереленді. Санкцияға байланысты елеулі қаржылық оқшаулануға ұшыраған Иран да экономикалық тұрақтанушы ретінде криптовалютаға бет бұрды. Алайда, жаһандық биржалар санкция қысымына байланысты ирандық қызметтерге қол жеткізуге тосқауыл қоюда. 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі кезеңде ирандық заңды тұлғалармен биржалық мәмілелер 23%-ға төмендеді, бұл ретте 1000 доллардан кем сомадағы шағын операциялар саны күрт төмендеген - 33%-ға құлдыраған. Сондай-ақ, парсы елінен криптовалютаның жылыстауы күрт өсті: бұл тараптағы деңгейі 2024 жылы 4,18 млрд долларға жеткен, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 70%-ға жоғары, деп хабарлайды Chainalysis. Мұндай тенденция экономикалық тұрақсыздыққа, инфляцияның 40-50%- ға көтерілуіне және 2018 жылдан бері өз құнының шамамен 90%-ын жоғалтқан Иран риалының құнсыздануына байланысты қалыптасып отыр. Хабарламада айтылғандай, Иран үкіметі қаржы жүйелеріне қатаң бақылау орнатып, шетел валютасына қол жеткізу мүмкіндігін шектеп, жергілікті криптовалюта биржаларына алу лимиттерін енгізіп отыр. 2024 жылдың желтоқсанында билік риалдың, яғни, төл ақшаның одан ары құнсыздануына байланысты қаржыны алу тетіктерін жауып тастады. Бұл шара өз кезегінде биткоин (BTC) мен стейблкоинге қаржының жылыстауына апарып соқтырды. Инфляциядан шаршаған Иран тұрғындарының дені активтерін құнсызданудан қорғау әрі қатаң шектеуге ұшыраған банктік аударымдардан қайран жоқтықтан халықаралық төлемге қол жеткізу үшін криптовалютаны тығырықтан алып шығатын қаржы құралы ретінде қарастырады.

 

0 пікір
Мұрағат