Иран жеріндегі америкалық ұшқышты елес құтқарды
Иран жеріндегі америкалық ұшқышты елес құтқарды
2 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Amir Cohen / Reuters

Америка құрама штааттарының орталық барлау басқармасы Иран жеріндегі ұшқышты құтқару үшін құпия құрылғыны қолданған. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құпия құрылғы “Елестің сыбыр-күбірі” деп аталады (ағылшыншасы — Ghost Murmur). Бірегей технологияда адамның жүрек соғысының электрлі-магнитті қолтаңбасын немесе ізін іздеуде пайдаланылатын, алыстан әсер ететін кванттық магнитометрия қолданылған. Ол шулы ортада адамның осындай қолтаңбасын анықтап бөліп алуды ұйғаратын жасанды зерде негізіндегі бағдарламалық жасақтаманы деректермен салыстырады. Осы орайда “Елестің сыбыр-күбірі” Иранн жерінде қалып қойған америкалық ұшқышты құтқару операциясында алғаш рет қолданылған. Бұл туралы Ақ үй қожайыны Дональд Трамп та, Орталық барлау басқармасының директоры Жон Рэтклиф те ишаралап жеткізген. Бейнелеп айтқанда, жүздеген шаршы шақырым аумақты алып жатқан стадиондағы мыңдааған адамның даусынан танып тауып алғанмен бірдей. Бір ғана шарты: адам тірі болуы керек, яғни, жүрегі соғып тұруы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының 3-і күні америкалықтардың ең озық технологиямен жабдықталған F-15 жойғыш ұшаағын иран әскерилері атып түсірген болатын. Ирандықтардың қолына түсіп қалмас үшін ұшқышты құтқару операциясы аса ауқымдды операциясын бастады және ол аман-есен құтқарылды. Бұл құтқару операциясына жүздеген арнайы жасақ өкілдері тартылды. Бірнеше әскери техника жұмылдырылды. Бұл операция кезінде америкалықтар үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан ұшқышты тұтқынға түсіп қалудан құтқарып қаалды.

0 пікір
Мұрағат