Иран жаппай наразылықтардан кейін «діни полицияны жойды» деген ақпаратты теріске шығарды
Иран жаппай наразылықтардан кейін «діни полицияны жойды» деген ақпаратты теріске шығарды
2 жыл бұрын 3482 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран билігі басты міндеті ирандықтар мен шетелдік азаматтардың қоғамдық орындарда шариғат талаптарына сай киінуін қадағалау болған полицияның жойылмайтынын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бас прокурор Мұхаммед Жапар Мұнтазардың мәлімдемесін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жаңсақ ұққан, дәлірегі, оның «жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын полицияның сот жүйесіне еш қатысы жоқ» деп түсінген, шындығында, генерал аталмыш полицияның сот жүйесімен байланысы жеткілікті деңгейде жолға қойылмағанын айтқысы келген. Осы тұста аталмыш полицияның «шариғат шәлісін дұрыс тақпады» деп Мақсы Амин есімді 22 жастағы күрд бойжеткенді тұтқындағанын әрі оның жұмбақ өлімін полициямен байланыстырған халықтың жаппай наразылық шеруіне шыққанын естеріңізге сала кетпекпіз. Халық толқуы әлі басылар емес. Жалпы ұлттық сипат алған бұл дағдарыстан шығу үшін Иран президенті Ибрагим Райыс  Al Hadath телеарнасынан 1979 жылы қабылданған конституцияның ережелерін ішінара өзгертуді қарастыратынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат