Иран факторы: АҚШ ұстамдылығы басқаша қабылдануы мүмкін
Иран факторы: АҚШ ұстамдылығы басқаша қабылдануы мүмкін
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірер күнде Таяу Шығыс аймағындағы ахуал айқындалады. Иранның желкесінен төніп тұрған америкалық әскерилердің шабуыл мерзімі ұзарған сайын Теһран позициясын нығайта түседі. Сарапшылардың пікірі осыған саяды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлем көп ұзамай Таяу Шығыс өңірінің майдан даласына айналатынына немесе Америка құрама штаттары мен Израил позициясының әлсірегеніне куә болады. Израилдің Әби Ашкеназ есімді сарапшысы АҚШ-тың Иранға соққы беруден тартыншақтауын әлем жұртшылығы бұдан былай алпауыт елдің ұстамдылығы ретінде қабылдай алмайды, керісінше позициясының әлсірегені деп қабылдайды. Ал бұл жайт өз кезегінде Таяу Шығыс өлкесіндегі күштердің арасалмағына сөзсіз ықпал ететін болады. Иранмен оның батыс елдері террорристік ұйым ретінде таныған одақтас топтары («Хибалла», т.) бұрынғыға қарағанда әлдеқайда еркін әрі батыл әрекет ететін болады. АҚШ та, Израил билігі де Таяу Шығыстаңы дағдарыс пен шиеленістің арты аймақтық қақтығысқа ұласып кету қаупі барын теріске шығармайды.

Ұқсас материал: 

Иран мен АҚШ-қа келіссөз не үшін керек? – сарапшы жасырын мотивті атады

0 пікір
Мұрағат