Иран билігі өз азаматтарына қажылық жасауға тыйым салды
Иран билігі өз азаматтарына қажылық жасауға тыйым салды
9 жыл бұрын 3523

«ТАСС» ақпарат көзінің хабарлауынша, Иран билігі өз азаматтарына Сауд Арабиясына барып, қажылық жасауға тыйым салды. Иран билігі мұндай қадамға екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың үзілуіне байланысты барып отыр. Екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастың үзілуіне Сауд Арабиясындағы шариғат талабына сай 47 қылмыскерді өлім жазасына кесуі себеп болған. Өлім жазасына кесілгендер арасында ирандық шейх те болған. Ол терроризмге қатысы бар деп айыпталған болатын. Нақтырақ айтқанда, өлім жазасына кесілгендердің арасында 2011 жылы Сауд Арабиясының шығысында шииттердің наразылық акциясы кезінде маңызды рөл атқарған тұлғалардың бірі, белгілі діни уағызшы, шейх Нимр әл-Нимр да бар. Ол сүннит патша әулеті басқаратын Сауд Арабиясында ел тұрғындарының 15 пайызын құрайтын шииттердің қысым көріп келе жатқанына наразылық білдіріп, билікті сынаған.

0 пікір
Мұрағат