Иран бес ай ішінде медициналық туризмнен 1,2 млн табыс тапты
Иран бес ай ішінде медициналық туризмнен 1,2 млн табыс тапты
1 жыл бұрын 1202 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иранның денсаулық сақтау министрі Бахрам Ейнолла парсылардың жыл санау күнтізбесі бойынша алғашқы бес ай ішінде, дәлірегі, 2023 жылдың наурыз айының соңы мен тамыздың соңы аралығында медициналық туризмнен 1,2 млн доллар пайда көргенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иранның мұндай жетістікке жетуіне денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту, біліктілігі жоғары медицина мамандарына барынша жағдай жасау, т.б. факторлар ықпал еткен. Иранның медициналық туризмі заманауи технологиямен жабдықталу деңгейінің жоғары болғанына қарамастан өзге елдерден анағұрлым арзанға түсетіндігімен ерекшеленеді. Иранның медициналық туризміне көрші елдер мен Орта Азия тарапынан сұраныс жоғары. Иранның медициналық туризмінде ең танымал салалар: гинекология мен акушерлік, урология, көз хирургиясы, ортопедия, жүрек-қан тамыр аурулары, қатерлі ісік, т.б.

0 пікір
Мұрағат