Иран аумағынан тағы млрд тонна қоры бар мыс кені табылды
Иран аумағынан тағы млрд тонна қоры бар мыс кені табылды
2 жыл бұрын 1389 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шиғалар елінің мыс өндірісі жөніндегі ұлттық компанияның (NICIC) атқарушы директоры Әлі Рұстам  ел аумағынан қоры бір млрд тоннаны құрайтын мыс кеніші табылғанын жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы IRIB ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.NICIC Шығыс Әзірбайжандағы Сунгун мыс кенішінде жаңа мыс қорын табу үшін 28 000 метр терең бұрғылау жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде бір миллиард тонна жаңа қор табылып отыр. Әлі Рұстамның айтуынша, бұл қорлардың ашылуымен аталған кеніштің жалпы геологиялық қоры төрт миллиардтан бес миллиард тоннаға дейін өсті. Дәлірегі, Иранның мыс қоры тағы 25 пайызға артты. Ол табылған кен мен мыс қорының 50 миллиард доллардан аса табыс әкелетінін мәлімдеді: компания бұл кенішті игеру жұмыстарын бастау үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын жеткізді. Осы орайда 2021 жылдың сәуір айында NICIC бұрынғы басқарушы директоры Ардашер Саад-Мұхаммед бүкіл ел бойынша тағы бір миллиард жаңа мыс қорының ашылғанын хабарлағанын айта кетпекпіз. Аталған қазба байлықтың өндірісіне жауапты тұлға елдің жалпы мыс қорын 40 миллиард тоннаға бағалап, қазір Иранның мыс қоры бойынша әлемде жетінші орында екенін ттілге тиек етті. Пайдалы қазбалардың 81 түрі бар Иран әлемдегі пайдалы қазбаларға ең бай он елдің қатарына кіреді. Осыған байланысты Парсы елінің үкіметі ел экономикасының өсуінің негізгі факторларының бірі ретінде тау-кен саласын ілгерілету үшін бірнеше бағдарламаны байыпты түрде жүзеге асыруда. Иран кеніштерінің жалпы дәлелденген қоры шамамен 60 миллиард тоннаға бағаланады, бұл көрсеткіш Индустрия, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрлігінің 500 000 шаршы шақырымнан астам жаңа минералды аймақтарды барлау бағдарламаларын іске асыру кезінде 100 миллиард тоннадан асып түсуі мүмкін.

Ұқсас материал: 

"500 млн тонна қоры бар мыс кені табылды" (https://islam.kz/kk/news/alem/500-mln-tonna-qory-bar-mys-keni-tabyldy-14382/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат