Иран әрекет ету радиусы 2 мың шақырымға жететін әскери дронын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
|
Иранда «Мұхажыр-10» деп аталатын айрықша төзімді әскери ұшқышсыз ұшу аппараты жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Fars дерек көзіне жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ислам республикасының қорғаныс өнеркәсібі күніне орай өткізілген бұл шараға аталған ел президенті Ыбырайым Райыстың өзі арнайы қатысты. Бұл әскери ұшқышсыз ұшу аппараты тәулік бойы жеті шақырым биіктікте ұша алады. Оның соққы беру радиусы екі мың шақырымға жетеді. Бұдан бөлек, сағатына 210 шақырым қашықтықпен қозғала алады әрі салмағы 300 келіге дейінгі жүкті өзімен бірге алып жүре алады. Дәлірегі, жүк дегенде түрлі оқ-дәрі мен Ghaem және Almas бомбаларын алып жүруге қабілетті. Сондай-ақ, соққы беруші дронды ирандық мамандар радиэлектрмен күресуге арналған жүйемен және барлау жүйесімен жабдықтаған екен.