Иран 50 елге дәрі-дәрмек пен фармацевтикалық өнімдерді экспорттайды
|
Иранның азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (IFDA) экспорттық саясат кеңесінің хатшысы Әсіп Махдауи әлемнің 50-ге жуық еліне ирандық 100-ге жуық компания шикізат пен фармацевтикалық өнімдерді экспорттайтынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы irna.ir ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ирандық компаниялардың ішкі қажеттіліктерді қанағаттандырудан бірнеше есе көп дәрі-дәрмек шығаруға мүмкіндігі барын тілге тиек еткен ол осы жылдың алғашқы төрт айында медициналық құрал-жабдық экспортының 300 пайызға өскенін атап өтті. Бұған дейін IFDA басшысы Хайдар Мұхаммед Иранның фармацевтикалық нарығы 106 триллион томанға (2 миллиард доллардан астам) бағаланғанын айтып, елде қолданылатын дәрілердің 99 пайызы ел аумағында өндірілгенін жеткізген еді.