|
Йоханнесбург университеті израилдік студенттер мен профессорлардан бас тартты
|
Оңтүстік Африка Республикасындағы палестиналық елші Әбдіхамит Нофалдың хабарлауынша, Йоханнесбург университеті Израилдің жоғары оқу орындарымен және ғалымдарымен қандай да бір қатынас орнатудан үзілді-кесілді бас тартты. Аталмыш жоғары оқу орнының академиялық кеңесі осы университетке израилдік студенттерді қабылдамау турасында қаулы қабылдап, шешім шығарған. Бұл тыйым жөйт ғалымдарына да қатысты. Осы тыйымға сәйкес жөйт ғалымдары аталмыш университетте жұмысқа тұра алмайды. Елшінің сөзіне қарағанда, Йоханнесбург университеті Израилге оның басқыншылығына қарсы 3 жыл бұрын байкот жариялаған осынау елдегі алғашқы мемлекет.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы