Интернетті ойлап тапқан ғалым ғаламтор болашағына төніп тұрған үш қауіпті атады
Интернетті ойлап тапқан ғалым ғаламтор болашағына төніп тұрған үш қауіпті атады
8 жыл бұрын 17677 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Интернетті ойлап тапқан ғалымдардың бірі әрі W3C (Ғаламтор консорциумы) жетекшісі Тим Бернерс-Ли интернеттің дамуына кедергі келтіретін үш нәрсені атады. «Ғаламтор әкесі» атанған ғалымның сөзіне қарағанда, персонал мәліметіне бақылау орнату, ақпаратты бұрмалау (дезинформация) және саяси жарнамалардың күмәнділігі интернеттің болашағына қауіп төндіреді екен. Бұл жайында Quartz ақпарат көзі хабар таратты. 

«Компаниялармен ынтымақтасып немесе мәжбүрлеу арқылы биліктегілер интернеттегі әр қадамымызды қадағалауды арттырып келеді, сондай-ақ, жеке өмірге қол сұғатын қатал заңдарды қабылдауда. Репрессиялық режимде зиян келтіруі мүмкін әрекеттерді байқайсың: блогерлерді тұтқындауы немесе өлтіруі, ал саяси қарсыластардың ізін бағуы мүмкін. Өз азаматтарының жағдайын ойлайтын елдердің өзінде тоталды қадағалау шектен шығып кеткен»,- деп қайырыпты ғалым.

Интернеттің болашағына төніп тұрған тағы бір қауіпке халықты адастыратын бұрмаланған ақпараттың таралуын жатқызыпты. Оның айтуынша, жалған ақпарат таратушылар осы әрекеті арқылы саяси және қаржылай пайда табады, ал бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі сайттар пен порталдар және іздеу жүйесі ғаламтор пайдаланушыларының неге артықшылық немесе басымдық беретінін біліп алып, жалған болса да пайда үшін өзге біреулердің мүддесіне қызмет ететін сілтемелерді көлденең тартып отырады.

Интернетті ойлап тапқан ғалымдар IT-компанияларға жазылу және микротөлем жасау секілді халыққа зиянсыз пайда табудың үлгісін қарастыруды, сондай-ақ, персонал мәліметін қорғайтын «деректер капсулы» (мысал ретінде айтылып отыр – ред.) жаңа технологияны енгізуді ұсынып отыр.

0 пікір
Мұрағат