Инквизацияға, орта ғасырға тартқан дегредация: "Семіздер жұмаққа кірмейді"
Инквизацияға, орта ғасырға тартқан дегредация: "Семіздер жұмаққа кірмейді"
5 жыл бұрын 3991 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан табаны күректей 1 жыл бұрын "Баланы жылатқан... пірәдар (видео)" деген тақырыппен берген жазбамызда (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/balany-jylatqan-piradar-video-10427#gsc.tab=0) священниктер басындағы жағдаяттан азды-кем хабардар еткенбіз. Сол тақырыптың логикалық жалғасындай болып, тағы бір келеңсіздік назарымызды аударып отыр. Бразилияның Сан-Паулу қаласында священник Марсело Росси кезекті уағызында сөз арасында "Семіз әйелдер жұмаққа кірмейді" деп айтып қалды. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледінің кебін киген пірадарды етжеңді келген әйел сахнадан итеріп құлатады. Бір тәуірі, священник жарақат алмаған. Священниктің уағызын ұйып тыңдап отырған 50 мыңға тарта адам бір мезгілде орындарынан өретүрегелді. Етжеңді келген қара нәсілді әйелдің әрекетінен. Жалпы соңғы уақытта священниктердің өз сөзі мен әрекетіне есеп бермеу, қызметіне салғырт қарау, т.б. келеңсіздіктер аңғарған адамға көп жайттан хабар береді. Кезінде діни фанатизмнен ғалымдарды қудалап, ашқан жаңалығынан бас тартпағаны үшін Галилео Галилейді тірідей өртеп, "мыстан аулау" деген атпен тарихта қара таңба болып қалған христиан дінбасыларының репрессиялық әрекеті бұл дегредацияның тарихы тым арыда жатқанын білдіреді. Инквизация соты мен ар алдындағы сотта талай тағдыр тәлкек болып еді. Орта ғасырдың қара құйын болып соққан тар түсінігі әлі күнге алдыңнан шығып, кеудеңнен итеретін күшке ие болып отыр. 

0 пікір
Мұрағат