|
Инъекциялық дәрі-дәрмек жеткізу құрылғыларының әлемдік нарығы 2029 жылға қарай 317,2 млрд долларға жетеді
|
Биологиялық дәрі-дәрмек өндірісінің ұлғаюы өз кезегінде алдыңғы қатарлы иньекциялық жүйе құралдарына деген сұранысты арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы BCC Research LLC дерек көзіне жөн сілтеген Healthcare Asia ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы болжам бойынша 2029 жылға дейін иньекциялық дәрі-дәрмектің жаһандық нарығы 317,2 млрд долларға жетеді – жылына 7,9%-дық өсу қарқынын жоғалтпаса. Аталмыш нарықтың өркен жаюына күллі әлемде сусамыр, қатерлі ісік және өзге де созылмалы ауруларға шалдыққан сырқаттар мен қарт тұрғындар қарасының көбеюі себеп болмақ. Иньекциялық жүйе пайдалану жағынан қолайлы әрі тиімді болғаны үшін танымал. Мұндай жүйенің дамуына биологиялық дәрі-дәрмек нарығының кеңеюі ықпал етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды