Индус әке-шешесі баласының исламды таңдағанын қалай қабылдады (видео)
Индус әке-шешесі баласының исламды таңдағанын қалай қабылдады (видео)
6 жыл бұрын 3056 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанда, өздеріңіз білесіздер, үнді радикалдарының зорлық-зомбылығынан, жәбір-жапасынан, жаласынан, қорлығынан қаншама үнді мұсылмандарының зардап шегіп жатқанын. Бұлтуралы кезінде кеңінен хабар таратып едік. Исламға қаны қарайған әрі билік басында исламға қырын қарайтын адамдар тұрғанда аталған елде бұрыннан мұсылман емес, енді ғана исламды қабылдағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтып жатудың өзі артық. Бейнелеп айтқанда, қылыштың астында тұрып, басын қатерге тігіп, мұндай қадамға бару аталған елде ерлік саналады. Үнді радикалдары тарапынан төнген қауіпке қарамастан есімі елге танымал (бұл да оның басын қатерге байлайтын факторлардың бірі, өйткені, ол танымал болғандықтан исламды қабылдағаны үшін қастандық жасайтындар болмасына ешкім кепілдік бере алмайды) тұлға тура жолға түсті. Бала кезінен үнді киноларына түскен актер Тесинг Раджендердің баласы Ченнаи  қаласындағы мешітте әкесі мен шешесінің көзінше исламды қабылдағанын бейнелейтін видео пайда болды. Ол имамның қолдауымен тілін кәлимаға келтіріп, шәһадат айтады. Актердің әке-шешесі ұлының бұл қадамына түсіністікпен қарағанын байқайсыз. 

 

0 пікір
Мұрағат