Индонезия мұсылмандары «Жасыл Рамазан» жобасымен қасиетті айды қорытындылайды
|
Оңтүстік-шығыс Азиядағы аса ірі мешіт қасиетті айды қоршаған ортаны қорғау жобасымен байытып, ерекше бастаманы жүзеге асырды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Thaipbsworld дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия астанасында орын тепкен Istiqlal мешіті электр энергиясының көп бөлігін құлшылық үйінің шатырында орналастырылған 500 күн панелінен алады. Алайда, энергияның бір бөлігін дәстүрлі энергия көздерінен алады. Аталған ғибадат ғимаратында энергетика уақып – жаңғыртпалы энергия көздеріне толық көшуге арналған жаңа күн панелдеріне қаражат жинау қоры жұмыс істейді. Осынау бастаманы көтерген Istiqlal мешітінен үлгі алған елдегі өзге құлшылық үйлері де табиғатты аялауға арналған түрлі шараларды қолға алып жатыр. Атап айтқанда, ауызашар кезінде бір реттік пластик ыдыстарды емес, шыны ыдыстарды пайдаланады, мешіт жамағаты өзара келісіп, әркім өз көлігімен келуді қойған, яғни, кезектесіп тек бір көліктен пайдаланады – жол-жөнекей ала кетеді. Осылайша атмосфераға бөлінетін ластаушы заттарды азайтуға үлес қосып келеді әрі жанармай-жағармайды үнемдейді.
Ұқсас материалдар:
«Мароккадағы 6 мыңнан аса мешіт жаңғыртпалы энергия көздеріне көшкен» (https://islam.kz/kk/news/alem/marokkadagy-6-mynnan-asa-meshit-jangyrtpaly-energiya-kozderine-koshken-17909/#gsc.tab=0);
«Индонеизияда қанша мешіт бар және оның қаншасы трансформацияланады?» (https://islam.kz/kk/news/alem/indoneiziyada-qansha-meshit-bar-jane-onyn-qanshasy-transformatsiyalanady-9177/#gsc.tab=0);
«Ірі мешіттер күн энергиясына көшсе, жыл сайын жүз мыңдаған доллар үнемделеді әрі көмірқышқыл газының атмосфераға бөліну мөлшерін мыңдаған тоннаға кемітеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/iri-meshitter-kun-energiyasyna-koshse-jyl-saiyn-juz-myndagan-dollar-unemdeledi-ari-komirqyshqyl-gazynyn-atmosferaga-bolinu-molsh-16045/#gsc.tab=0)