Индонезия мен Малайзия теңіздегі 7000 босқынды қабылдауға келісті
Индонезия мен Малайзия теңіздегі 7000 босқынды қабылдауға келісті
10 жыл бұрын 3129

Оңтүстік-шығыс Азиядағы көші-қон дағдарысы аяқталып қалған тәрізді. Индонезия мен Малайзия үкіметтерінің бірлескен баспасөз мәжілісінде жағалауда қаңтарылып қалған Мьянма мен Бангладештен келген рохиньялық мұсылман босқындарды қабылдайтындарын мәлімдеді. Екі елдің өкілдері тек бір жолға ғана осындай рұқсат беретіндерін айтуды да ұмытпады. Яғни, босқындарды қабылдағанынан үміт етіп, осы босқындар легінің артынан тағы босқындар келе ме деп қауіптенетіндерін де жасырмады. Екі елдің өкілдері де өз елінде буддашыл радикалдардан, жол-жөнекей адам саудасымен айналысатындар мен контрабандышылардан теперіш көріп, бас сауғалап келген рохиньялық мұсылман босқындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету шығынын халықаралық қауымдастықтың мойнына жүктелетінін де тілге тиек етті.

1 пікір
  • Мұсылман мұсылманның бауыры емеспе?!?!
    Неге шет елде қиыншылық көрірп жәрдем сұрап келіп отырған Мұсылмандарға ықласты түрде жәрдем бермейді??? Тарихта Эфиопиа патшасы Наджаши Христиан болсада Меккеде зәбір көрген мұсылмандарды қорғанына алмады емеспе?!?!?!
    Бұл оқиға елімізгеде қатысты, соңғы жылдары Қытайдан келген бауырларымыз азаматтық ала алмауда. Олардың шет елде рухани қысымға ұшырап жатқаны рас....
    10 жыл бұрын
Мұрағат