Имран Хан БҰҰ мен Еуроодақтың қолынан келмеген іс тындырды
Имран Хан БҰҰ мен Еуроодақтың қолынан келмеген іс тындырды
4 жыл бұрын 3501 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемде исламофобия өршіп тұр. Бұл әлеуметтік жат құбылыс демократиялы батыс елдерінде негізінен мұсылмандардың ар-намысына тию (мәселен, Пайғамбарымызға (с.а.с.) карикатура салу, қасиетті Құранды өртеу, мешіттерге қатысты вандализм, т.б.), діни кемсіту түрінде көрініс тапса, Мьянма, Қытай секілді оңтүстік-шығыс Азия елдері мен Үндістан, Шри-Ланка секілді елдерде мешіттерді сүру, араб жазуы мен ислами атрибуттарға тыйым салу, мұсылмандарды ашық қудалау, құқығын аяқ асты ету, қуған-сүргінге ұшырату, зорлық-зомбылық көрсету, т.б. арқылы қысымды күшейтіп келеді. Жұқпалы індетті желеу еткен Шри-Ланка билігі мен жергілікті будда монахтарының пәрменімен тәжді тажалдан қаза тапқан мұсылмандардың мәйіті өртеліп (кремация), жергілікті мұсылмандардың наразылығын тудырған болатын. Осыған орай Шри-Ланка мұсылмандары халықаралық ұйымдар мен құқықтық институттарға, соның ішінде, Ислам ынтымақтастық ұйымына, Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропалық Одаққа, Amnesty International секілді аса беделді халықаралық құқық қорғау ұйымына шағымданып, мұсылмандар құқығына құрметпен қарауды сұрап, Шри-Ланка билігіне ықпал етуді талап еткен еді. Шри-Ланка билігі іргелі халықаралық ұйымдардың сыны мен айыбына айылын да жиған жоқ. Өткен аптада Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан Шри-Ланкаға ресми сапармен барған болатын. Аталған арал мемлекет билігі қаза тапқан мұсылмандардың мәйітін қорлаумен бірдей әрекеттен бас тартып, денсаулық сақтау министрі Пауитхра Уанниараши бұдан былай қаза тапқан елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандар мен хрстиандардың мәйіті өз ғұрпы бойынша жерленетінін жария етті. Бұл жайында islam.kz порталы France24 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шри-Ланка мұсылмандары үшін айтулы оқиға туралы Имран Хан Twitter әлеуметтік желісінде: «Мен Шри-Ланка үкіметінің ковидтен қаза тапқандарды жерлеуге рұқсат бергені туралы ресми хабарына қолдау білдіремін» деп жазды. Имран Хан - ислам әлемінде мұсылмандардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген Махатхир Мұхаммед (Малайзияның премьер-министрі), Режеп Тайып Ердоған (Түркия президенті) секілді санаулы тұлғалардың бірі .

0 пікір
Мұрағат