«Иммунитет төлқұжаты» енгізіледі
«Иммунитет төлқұжаты» енгізіледі
5 жыл бұрын 3322 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британияда көп ұзамай «иммунитет төлқұжаты» енгізіледі. Аталмыш құжат иесінің денсаулығы жақсы екенін айғақтайды, сол себепті, оған карантинде отырудың қажеті жоқтығын куәландырады. Яғни, аталған ел билігі 12 ай ішінде осынау тәжірибені қолданып, карантиннен біртіндеп шығуды көздеп отыр. Tech Times ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, осы мақсатта британиялық билік өкілдері денсаулығы жұқпалы індетке жөпшеңді бой алдыра қоймайтын азаматтардың карантинде болудың қажеттілігі жоқтығын айғақтайтын цифрлы куәлікті жасауға тапсырыс беру үшін стартап иелерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Мұндай құжатқа ие болғандар кез келген жерде емін-еркін жүре алады. Осы құжаттың негізінде олардың дүкенге, кітапханаға, кеңсеге, т.б. баруына, қоғамдық орындарда олардың қозғалысына шектеу қойылмайды. Британия билігі осылайша мемлекет пен IT-компаниялар арасында тандем орнатып, QR-код пен тест нәтижелерін, адамды тану жүйесін, т.б. жеке басқа қатысты мәліметтерді біріктіру арқылы екі қоянды бір оқпен атып алмақ. Onfido, Yoti және OCL, IDnow және iDenfy компаниялары осы бағытта өз ұсыныстарын білдіріп жатыр. Осылайша азаматтарды қадағалау мен сәйкестендіру жүйелерін бір құрылымға біріктірмек. Десе де аты-жөнін жасырған елдің кей азаматтар биліктің бұл бастамасына наразылық білдіріп жатыр. Карантиннен шығудың басқа, баламалы жолдарын қарастыруды талап етіп отыр.

0 пікір
Мұрағат