Имамдарға «алтын» виза беріліп жатыр
Имамдарға «алтын» виза беріліп жатыр
3 жыл бұрын 1939 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубай билігі ел аумағында 20 жылдан аса жұмыс істеген имамдар мен азаншыларға 10 жылға виза берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The National  ақпарат көзіне жөн сілтеген islam.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлы мәртебелі шейх, тақ мұрагері, Дубайдың атқарушы кеңесінің жетекшісі, Дубай әміршісі Хамдан бен Мұхаммед әл Мақтұмның пәрменімен имамдар мен азаншыларға, өзге де діни қызметкерлеріне ислам құндылықтарын насихаттағаны үшін «алтын» виза берілген. Дубайдағы ислам істері және қайырымдылық шаралары жөніндегі департаменті келтірген дерекке қарағанда, Дубайда 2178 мешіт бар, бұл ғибадат ғимараттарында 475-тен аса имам, 404 азаншы, 41 уағызшы қызмет етеді. «Алтын» виза соңғы жылдары білікті мамандарды тарту арқылы ел экономикасын көтеру, отандық ғылымды алға сүйреу мақсатында енгізілген виза. Мұндай виза көбінесе технология мен инженерия, цифрлы технология, жаратылыстану, т.б. салаларында аты шыққан тұлғаларға, білікті дәрігерлерге, қаржыгерлерге, т.б. беріледі. Бұл тарапта Біріккен Араб Әмірлігі, тіпті, көрнекті өнер тұлғаларына да «алтын» виза береді.

0 пікір
Мұрағат