|
Имамдарды сертификаттаудан өткізу неге дау тудырды?
|
Канаданың сенат комитеті министрлер кабинетінен елдегі имамдарды міндетті мемлекеттік сертификаттаудан өткізу мүмкіндігін қарастыруды талап етті. Бұл ұсыныс өз кезегінде мұсылман жамағаты мен құқық қорғаушылар тарапынан наразылыққа тап болып, олардың қатаң сынына ұшырады. Сенаттағылардың бұл ұсынысына мұсылман жетекшілері мен құқық қорғаушылардың наразылық танытуына бұл ұсыныстың тек имамдарға қатысты айтылғаны себеп болды. Басқа наным-сенімдегілер міндетті мемлекеттік сертификаттаудан өтпейді. Яғни, діни алалаушылық пен кемсітушілікке толы бұл ұсыныстың айтылуына бұқаралық ақпарат құралдарында исламға жала жабылған материалдар да өз салқынын тигізген. Канада мұсылмандарының ұлттық кеңесінің атқарушы директоры Ихсан Гардидің пікірі осындай. Бұл жайында «National Post» ақпарат көзі хабар таратты.