Йемен премьер-министрі үкіметті қалай жасақтады?
Йемен премьер-министрі үкіметті қалай жасақтады?
10 жыл бұрын 3124

Йеменнің жаңадан тағайындалған премьер-министрі Халед Баха өз командасын әлеуметтік желінің көмегімен жасақтады. Ол өзінің 33 000 жазылушысына министрлік кабинетіндегі орындарға кімдерді тағайындау керектігі турасында ұсыныс тастаған екен. Санаулы күндерден кейін ол 13 000 пікір алып үлгерген көрінеді. Оның парақшасында үкіметті жасақтаудың мұндай тәсіліне қатысты қызу талас-тартыс өрбіді. Ел премьерінің бұл қадамын құптайтындар ақылдасып пішкен тонның келте болмайтынын алға тартса, ал қарсыластары үкіметті жасақтау секілді маңызды шараны шоуға айналдырмау керек деп есептейді.  Қызды-қыздымен олар үкіметті тек бірыңғай қытайлардан жасақтайық дегенге дейін барды. Арзан атаққа ұмтылып, ұпай жинағысы келген түрі немесе саяси көзбояуға барды деп күстаналағандар да болды. Құрамына 30 адам кірген халық бірлігі үкіметі ант қабылдағанымен Йеменнің бұрынғы президенті Әлі Абдалла Салехтың кезінде одақтасы болған Хути тайпасы оларға қолдау білдірген жоқ. Олардың айтуынша, бұл кабинет тек сүнниттердің мүддесін ғана көздейтін болады. Министрлік орынға үміткер болған үш шиит үкімет құрамына кіруден бас тартты.

0 пікір
Мұрағат