Хуситтер өздері жасаған беспилотник катерін көрсетті (видео)
Хуситтер өздері жасаған беспилотник катерін көрсетті (видео)
3 ай бұрын 899 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Йемендегі «Ансар Алла» (Қазақстан аумағында тыйым салынған ұйым – ред.) өздері құрастырып шығарған «Туфан-1» атты өзі жүретін алғашқы қайықты көрсетті. Х (бұрынғы twitter) әлеуметтік желісіндегі кадрларды аталмыш қозғалыстың саяси бюросының мүшесі Насруддин Әмір жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Press24Net сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Брандер 50 келі жарылғыш затпен қаруланған және жоғары жылдамдығымен, жоғары маневрлілігімен және жасырындығымен, яғни, елеусіз көрініп, көп байқала бермейтіндігімен ерекшеленеді. Таспаға тартылған бейнеге қарағанда, қайықты борттан да, қашықтан да басқаруға болады. Хуситтер беспилотник катерді жапондардың Yamaha қозғалтқыш жүйесімен жабдықтаған. Мұндай қайық кем дегенде бір кемені суға батырғандығы айтылған: Ресейдің Усть-Луга айлағынан шыққан Либерияның Tutor жүк кемесі.

(Видеоның үстінен екі рет бассаңыз шығады - ред.)

 

0 пікір
Мұрағат