Христиандыққа мәжбүрлеп кіргізу ме әлде христиан дінін мәжбүрлеп таңу ма?
|
Жас мұсылман әйелі АҚШ-тың Огайо штатындағы түрме әкімшілігін сотқа берді. Өзін тұтқын христиан әйелдерімен бірге шоқынып, құлшылық етуге мәжбүрлегені үшін. 26 жастағы Соня Әбдіразақ сотқа түсірген шағымында айтқандай, өзін христиандардың ғибадатына бармаған жағдайда тәртібі жақсы тұтқындардың зонасынан жалпы зонаға ауыстыратынын айтып, қорқытқан. Бұл жайында Cleveland.com ақпарат көзі хабар таратты. «Бұл ғибадат күмәнсіз христиандардікі еді. Уағыз айтушы адам Інжіл, соның ішінде Жаңа Хабарды оқып, Евангелияны насихаттап, христиандық мазмұндағы әндерді орындатады және құдайдың ұлы ретінде Иса Ғайсаға құлшылық етуге шақырады», - деп айтқан шағымында. Соня асыл дінімізде тыйым салынса да ішіп алып, көлік жүргізгені үшін айыпты болып, абақтыға жабылған еді. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» – мұсылмандар да пенделікке салынып, ағат басып жатады: десе де, бұл оның өз дінінен бас тартқандығын білдірмесе керек. Соняның қорғаушысы Реймонд Васвари оның діни бостандығына қол сұққаны үшін сот арқылы мемлекеттен 100 000 доллар өндіріп алуга бел байлап отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында осыған ұқсас оқиға орын алған еді: осы түрмеде жазасын өтеп жатқан 24 жастағы Сақина Мәжит есімді мұсылман әйелін де хрисстиандардың ғибадатын мәжбүрлеп орындатуға тырысқан болатын.