Христиандардың радикалды тобы балаларға қорлық көрсетуде
|
Әлемнің алдыңғы қатарлы құқық қорғау ұйымдары Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Орталық Африка Республикасының билігін осы елдегі христиан содырларынан балаларды құтқаруға шақырды. «Бейбіт тұрғындарды тұтқында ұстау, балаларды өлтіру және әйелдер мен қыз балаларды зорлау – «Анти Балака» деп аталатын христиандардың радикалды тобының жантүршігерлік тактикасы, олардың бұл әрекеті әскери қылмыспен пара-пар»,- деп мәлімдеді Human Rights Watch өкілі Льюис Мадж. Бұл жайында Onislam.net ақпарат көзі хабар таратты. Human Rights Watch дерегіне қарағанда, пеул ұлысының кем дегенде 40 мұсылманы (олардың дені – әйелдер мен балалар) елдің оңтүстік-батысында лаң салып жүрген христиан радикалдарының тұтқынында отыр. Осы елдегі БҰҰ-ның бітімгершілік күштерінің көмегімен тұтқыннан босаған мұсылман отбасыларының бірі Пондо елді-мекенінде көрген қорлықтарын айтып берген. 6 және 7 жастағы екі ұл баланы өлтірген христиан содырлары үш келіншек пен екі қыз баланы зорлаған. Олардың бірі зорығып өлген, ал оның емшектегі сәбиі шетінеп кеткен.