Христиандардың өзідері батыстың қаңсығын таңсық көргендерге Хеллоуинді атап өтуге тыйым салды
Христиандардың өзідері батыстың қаңсығын таңсық көргендерге Хеллоуинді атап өтуге тыйым салды
5 жыл бұрын 3081 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясындағы Коми республикасының астанасы - Сыктывкар қаласының билігі мемлекеттік мекемелерде барлық әулие-әнбиелердің күнін атап өтуге тыйым салмақ. Бұл жайында ProГород ақпарат көзі хабар таратты. Бұл шектеу кітапханаларға дейін қатысты. Тіпті, Коми архиепископы Питирим дінбасы да Хеллоуиннің  соңғы жылдары жасөспірімдер арасында танылып, кеңінен тарап бара жатқанына алаңдаушылық білдіре келе Хеллоуиннің христианға жараспайтын жат мереке екеніне тоқталды. «Хеллоуин жоралғылары халықты балалық шағынан бастап, жын-перілермен байланысуына үйретеді. Бұл христиандыққа қайшы болғандықтан оны атап өту күнә. Хеллоуиннің атрибуттары мен символдарына қараудың өзі жеткілікті оның қандай жағымсыз энергетикаға ие екеніне көз жеткізу үшін»,- деді пірәдар. Сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, ресейліктердің 93%-ы Хеллоуин туралы азды-көпті хабары бар болып шыққан. Алайда, оны атап өтетіндердің 13%-ы 18-24 жас аралығындағылар болып шықты.

0 пікір
Мұрағат