Христиандар киелі жазбаларын тағы өзгертті
|
Ватикан басшысы Франциск месса (католиктердің ғибадаты) өткізудің тәртібін анықтайтын "Миссал" кітабының үшінші басылымын бекітті. Бұл жайында католиктердің Avvenir ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталмыш кітаптағы "Отче наш" дұғасының мәтіні өзгертілген. Ондағы "Бізді азғыра, адастыра көрме" (Non indurci in tentazione) тіркесі бұдан былай "Азғыруға ермеуімізге жәрдем ет" (Non abbandonarci alla tentazione) болып өзгертілген. Өйткені, "Бізді азғыра, адастыра көрме" тіркесі Құдайдың өзі адамды азғыруға шақырып тұрғандай көрінеді. Яғни, Құдайдың өзі адамның күнәға батуына мүдделі сияқты естіледі құлаққа. Сол себепті, бұл тіркес жоғарыдағыдай өзгертілді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталмыш дұғаның мәтіні 2017 жылдың қараша айында өзгертілген болатын. Алайда, өзгертілген нұсқасы енді бекітілді. Бұдан бөлек, басқа да мәтіндерге өзгертулер енгізілген. Атап айтқанда, "Үстем Құдайға мадақ болсын" деп аталатын діни гимндегі мәтінде кездесетін "Өз еркі өзіндегі адамдарға есендік болсын" тіркесі бұдан былай "құдай сүйген жердегі адамдарға есендік болсын" болып өзгертілген. Көп ұзамай бұл тіркестер қолданысқа енеді. Десе де Орыстардың православ шіркеуі "Отче наш" мәтінін со күйі қалдыратынын мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғыз имамдары жаппай темір тұлпарды тізгіндейтін болады
■
Әзірбайжан «Ислам сегіздігі» құрамына кірді
■
Етті тұтынудан моңғолдар әлемде екінші орыннан көрінді. Бірінші орында қай ел тұр?
■
Орта Азия елінде әкелерге декреттік (ақылы) демалыс берілуі мүмкін
■
Сиқырлыққа ең аз және ең көп сенетін елдер анықталды