Қытайда бал аралары құрып кетті
Қытайда бал аралары құрып кетті
5 жыл бұрын 2543

Қытайда бал аралары жойылудың алдында тұр. Ең алғаш рет бұл құбылыс 80-жылдары көрініс бере бастады. Ауыл шаруашылығында химияны жаппай қолдану салдарынан миллиондаған бал аралары қырылып қалды. Бұл жайында arhar.kz ақпарат көзі хабар таратты. Қытайдың Сычуань аймағында өткен ғасырдың 80-жылдары жаппай пестицид қолдану салдарынан бал аралары жойылып, халық босқын болып кеткен еді. Кейіннен билік шаруаларға гүлдерді қолдан тозаңдандыруды үйретті. Бұл бал араларының одан бетер қырылуына жол ашты. Бүгінде Қытайдың көптеген аймақтарында қолдан тозаңдандыру технологиясы қолданылады. Дегенмен «бал арасы жойылып кетсе, табиғаттағы тепе-теңдік құрып, адамзатта жойылып кетеді» дейді сарапшылар. Ал Қытайда шыққан тозаңдандыру технологиясы Азия мен Африка елдеріне тарап үлгерді. 

0 пікір
Мұрағат