Христиан елі исламды ресми дін ретінде тануға мәжбүр
|
«Швейцарияда исламды ресми дін деп тану қажет», деп мәлімдеді аталған елдің социал-демократиялық партиясының жетекшісі Кристиан Левра SonntagsZeitung ақпарат көзіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұл елде 400 мың мұсылман өмір сүріп жатыр. Олардың 60 мыңы ел азаматтары. «Дәл қазіргі уақытта Швейцарияда шамамен 240 мешіт жұмыс істеуде»,- деп мұсылмандарға қатысты тағы бір мағлұматтың шетін шығарды. Осылай дей келе саясаткер ислам бұл елде исламның неліктен ресми дін ретінде бекітілу қажеттілігіне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, ел аумағындағы ислами діни бірлестіктер мен ұйымдар сырттан емес, мемлекет тарапынан қаржыландырылар еді. Яғни, ел қауіпсіздігі үшін исламға ресми мәртебе берілуі керек деп есептейді. Ол ел аумағындағы мешіттерді экстермистік күмәнді топтардың қаржыландырырылуына осылайша жол бермеуге болатынын жеткізді.