Хиджапсыз сурет жариялағаны үшін қызметінен босатпақ
Хиджапсыз сурет жариялағаны үшін қызметінен босатпақ
9 жыл бұрын 3910 lenta.ru stan.kz

Иранның пікірталас жөніндегі комитеті ақпан айында парламент депутаты сайлауында жеңіп шыққан әйелді орнынан босатпақ. Оған себеп депутат әйелдің Еуропаға сапар кезінде хиджапсыз түскен суретін жариялағаны болды.

Ал, Халегидің өзі Ислам ережелерін ұстанатынын, ал оның жалаң бас суреті қолдан жасалғанын айтады. Ол суретті әлдекімнің қолдан жасап жариялағаны үшін сотқа арызданды. Комитет отырысынан кейін бұл іске жауапты ер адам ұсталды.

Иран президенті Хасан Роухани «Twitter» желісіндегі парақшасында Халегиді қолдап: «Елімізде алғаш рет 18 әйел депутаттар мәжіліске кірді. Біз қымбатты әйел қауымының барлық жерде, әсіресе саясатқа араласқанына қуанамыз», – деген еді.

Халлегиге қатысты мәселе аяттола Кхаменейдің соңғы сөзімен шешіледі. Оның шешіміне депуттаттың өзі мен жақтастары үміт артып отыр.

0 пікір
Мұрағат