|
Харамды «халал» деп сауда жасағандар әшкере болды
|
Италияның Виченца қаласында жергілікті мұсылман супермаркеттің сөресінен «мұсылман дәстүрі бойынша дайындалған жас ет» деген араб тілінде жазылған этикетті және оның жанында италиян тілінде жазылған «доңыздың сүбесі» жазуын оқығанда шалқасынан түсе жаздады. Аталмыш сауда орнының директоры Аурелио Мураро мына сұмдыққа куә болған мұсылманнан елдің көзінше жік-жапар боп кешірім сұрап, ондағы ет өнімін «шошқаның емес, бұзаудың еті» деп сендіруге тырысқан. Сондай-ақ, супермаркет директоры этикетті жапсыру кезінде шатастырған деп ақталғанымен, қасақана істелсе де, білместікпен істелсе де діндес бауырларын харамнан сақтандыру үшін аталмыш сауда орнының бұл жауапсыздығын әшкере етіп, редакцияға шағымданған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді